$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"Буындырып өлтірген": Қостанай облысында 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

AstanaTV
11.07.2024ж. 16:01
254
"Буындырып өлтірген": Қостанай облысында 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Қостанай облысында 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 маусымда 16 жастағы Дарья Тайронина Әулиекөл кентіндегі үйінен кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Кейінірек полиция мен еріктілер бойжеткенге іздеу жариялады.

Ал 28 маусымда Әулиекөл маңындағы орманнан қыздың денесі табылды.

Полицейлердің сөзінше, бойжеткеннің өліміне механикалық асфиксия себеп болған, яғни оны буындырып өлтірген.

"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасау туралы сұраққа тек сараптаманың қорытындысы бойынша жауап беруге болады, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген ПД хабарламасында.