$444.88 €513.26 ₽5.28
×

Қызылордада төрт жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлап кеткен

AstanaTV
11.07.2024ж. 19:40
Қызылордада төрт жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлап кеткен

Қызылордада төрт жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлап кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ТЖМ ақпаратынша,оқиға бүгін 5 қабатты тұрғын үйде болған. Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылған.

Министрлік өкілдері кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.