$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Пілді суретке түсірмек болған турист қайтыс болды

AstanaTV
11.07.2024ж. 23:13
350
Пілді суретке түсірмек болған турист қайтыс болды

Оңтүстік Африкада пілдерді суретке түсіремін деп көлігінен түскен испаниялық турист көз жұмды, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Independent басылымының мәліметінше, 43 жастағы турист оқиға болған күні тағы үш адаммен бірге Пиланесберг ұлттық саябағында болған. Жергілікті полиция қызметкерлері туристер пілдер үйірін байқап, оларды суретке түсіру үшін көліктен түскенін айтты.

Жергілікті туризм басқармасының өкілі Питер Нел пілдердің бірі туриске шабуыл жасағанын айтты. Оның соңынан үйірдегі қалған пілдер де оған шабуыл жасаған.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, ол көп ұзамай алған жарақаттарынан қайтыс болды.

«Саябаққа келушілер бұл жабайы жануарлар екенін түсінуі керек, олар көліктен түсіп, жақынырақ суретке түсуге тырысады, ал бұл қайғылы салдарға әкеп соғады», – деді саябаққа келушілердің бірі.

Солтүстік-Батыс провинциясының саябақтар және туризм басқармасының бас директоры Тами Матшего саябақта қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Туристерге көлік тізгіндеу, жануарлармен қауіпсіз қашықтықты сақтау және көліктерінен тек арнайы белгіленген жерлерде шығу үнемі ескертіледі», – деді ол.

Тами Матшегоның айтуынша, қайтыс болған турист пен көліктегі басқа жолаушылардың ескертулеріне құлақ аспағанын айтты.