$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шалғай ауылдар Ка-диапазонды спутник арқылы интернетпен қамтылмақ

AstanaTV
24.02.2017ж. 20:00
3131
Шалғай ауылдар Ка-диапазонды спутник арқылы интернетпен қамтылмақ

Шалғай ауылдар Ка-диапазонды спутник арқылы интернетпен қамтылмақ. Әзірге оған қанша қаражат бөлінетіні белгісіз. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен арнайы брифингте Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Жалпы ауылдарды интернетпен қамту жобасының алғашқы кезеңінде үш жүзге жуық елді мекенге ғаламтор тарту көзделіп отыр. Ал негізгі күре жолдардан алыс ауылдар интернетке 2020 жылы қосылатын болды. Сондай-ақ биыл ұялы байланыстың сапасын арттыру мақсатында 200 радиотолқынды станция салу жоспарланып отыр. Ведомство басшысы әлеуметтік желілерде таралған қауіпті ойын жайына да тоқталып өтті.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Отбасылық құндылық, патриоттық бағыттағы бағдарламалар жетерлік. Ал енді адамның өзі интернеттен зорлық-зомбылық сынды контенттерге қызығып көрсе, желінің өзі-ақ соған ұқсас материалдарды ұсынады ғой. Желідегі ойын жайында айтарым, байқасаңыздар, мен ол қауіпті ойынның атын да айтпаймын. Өйткені барлығымыз айта берсек, жарнамалағандай боламыз.