$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Байденнің одақтастары алдағы сайлауда оның жеңіске жететініне күмәнмен қарайды

AstanaTV
12.07.2024ж. 09:35
260
Байденнің одақтастары алдағы сайлауда оның жеңіске жететініне күмәнмен қарайды

АҚШ президенті Джо Байденнің одақтастары, сондай-ақ оның штабының қызметкерлері қарашада өтетін Президенттік сайлауда оның жеңіске жететініне сенім білдірмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Washington Post ақпаратынша, қоғам белсенділері, саясаткерлер Байденді "демократия мен ұлттың болашағы үшін" сайлаудан бас тартуға шақырды. Осы сынды қол қойылған құжаттар Ақ үйге күнделікті келіп түсуде.

Алайда, 81 жастағы Президент өзінің жеңіске жететініне кәміл сенімді.

Бұдан бөлек, америкалық актер, демократияшыл белсенді Джордж Клуни де Байденді сайлаудан бас тартуға көндіруде. Ол бұл туралы New York Times баспасына берген мақаласында айтты.