$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Түркия ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі атануға ниетті

AstanaTV
12.07.2024ж. 11:29
276
Түркия ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі атануға ниетті

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында Түркия Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) толыққанды мүшесі болуға ұмтылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Режеп Тайип Ердоған НАТО саммиті аяқталғаннан кейін журналистермен кездесу ұйымдастырды.

«Қазір ШЫҰ-да бақылаушы мәртебесі бар Түркияның мақсаты – ұйымға толық мүшелікке өту. Енді ол «Шанхай бестігіне» қосылуы керек», — деді саясаткер.

Ердоған жақында Астанада өткен ШЫҰ саммиті кезінде бұл мәселені Путинмен және Тоқаевпен талқылап, олардан процесті қолдауды сұрағанын да айтты.