$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Месси соңғы финалы екенін мойындады

AstanaTV
12.07.2024ж. 13:00
201
Месси соңғы финалы екенін мойындады

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Америка кубогына бұдан кейін қатыспайтыны жайлы мәлімдеді. Ол үшін Колумбияға қарсы ойын соңғы финал болмақ.

Шынын айтсам, бұл Америка кубогы оңай болып жатқан жоқ, командалар терезесі тең өнер көрсетіп жатыр. Оның үстіне алаңның сапасы нашар және күн ыстық. Мен үшін бұл соңғы Америка кубогы жарысы. Ди Мария және Отаменди бәріміз соңғы әлем чемпионатында ойнадық, енді соңғы Америка кубогына қатысып, әр сәттен ләззәт алудамыз, - деді Месси Mundo Deportivo-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы биылғы Америка кубогының финалына шықты. Шешуші әрі Мессидің соңғы финалында Колумбияға қарсы ойын өткізеді.