WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз арбасып, баспасөз маслихатын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен жеңіліп көрмеген жаңазеландиялық былғары қолғап шебері Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында көз түйістіріп, баспасөз маслихатына қатысты. Отандасымыз 13 шілде күні Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтеді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериге (21-1-1, 7 КО) қарсы өткізіп, 6 раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Сөйтіп ол IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанса, Михайлович сәуірде Аустралияда жергілікті боксшы Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта нокаутпен ұтты.