$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде екі жарым жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

12.07.2024ж. 20:00
258
Ақтөбеде екі жарым жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

Ақтөбеде екі жарым жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті. Ауыр жарақат алған бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жаз басталғалы қалада терезеден құлаған бұл-сегізінші жайт. Жалпы мұндай жағдай тек Ақтөбеде емес, бар жерде жиілеп тұр. Неге? Тілшіміз жауап іздеді.

Екі жарым жастағы сәби 12 мөлтек аудандағы көпқабатты үйлердің бірінің үшінші қабатынан құлаған. Бала москиттік торға сүйенемін деп жазым болды. Ес- түссіз күйде облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қазір баланың жағдайы ауыр дейді.

Гүлжамал АБДУЛЛАЕВА, КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жарақат алған бала үшінші этаждан москитная сеткадан құлаған. Жағдайы өте ауыр сақталуда. Бала искусственный вентиляцияда жатыр. Комада. Интенсивті терапия жалғасуда.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Дала қапырық, үйдің іші қайнап тұр. Терезені ашып кішкене салқындап алдым. Бір жағынан үй тірліктерін бітіріп жатырмын.Осындай сылтаумен терезені күні бойына ашық қалдырамыз. Салдары қайғылы жағдайға акеп соғу қаупі жоғары екенін білсек те, мән бермейміз.

Мен сияқты үй тірліктерін бітіремін деп те терезеден құлап кетулеріңіз мүмкін.

1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлау себептері қауіпсіздікті сақтамау және ата-ананың қарауынсыз қалуында – дейді - мамандар. Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабарлама түскен.

Ажар РҮСТЕМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Астана қаласы бойынша 19 бала терезеден құлап ауыр жарақат алды, оның үшеуі мерт болды. Біз қаламыз бойынша бірнеше ауданға барып, арнайы бекіткіштер де орнататын боламыз. Оның ішіне көпбалалы ата-аналар кіреді.

Барлық жағдайда балалар терезеге өздігінен көтеріліп, тіреуіш ретінде әртүрлі жиһаздарды қолданады немесе терезе торына сүйеніп, онымен бірге сыртқа құлап кеткен. Мамандар тұрғындарға жиі түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.

Бақты ДАДЫРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің аудандағы жас бала терезеден секірмекші болған. Бірақ ол бұған өзі әрекеттенді. Ата-анасымен болған қиыншылықтардын соң. Бұндай сақтық шараларының жасалып жатқанына қуаныштымын. Қала тұрғындарын балаға келгенде сақ болуға шақырамын.

Заң бойынша қазір жаңадан салынатын үйлерге құрылыс компаниялары міндетті түрде қауіпсіздік құлыптарын орнатуы тиіс. Ал ескі үй тұрғындары оны өзі істейді.