Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуы салтанатты жағдайда ашылды. Рәсім Ақтау қаласының теңіз жағалауында өтті. Орталық Азия өңірінің төрт елі мен Әзербайжан қарулы күштерінің әскери контингенттерін тарта отырып, оқу-жаттығу өткізу форматы алғаш рет қолданылып отыр.Бұл-мемлекеттеріміздің тату көршілік қатынастарды одан әрі нығайтуға, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге деген ұмтылысы.Сондай-ақ Әскери басқару органдарының үйлесімділік деңгейін арттыра отырып оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде қарулы күресті жүргізу тәсілдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
Бауыржан АРТЫҚОВ, "БАТЫС" ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ҚОЛБАСШЫСЫ:
Заңсыз қарулы топтарға қарсы күрес жүргізу үшін 3 жарым мыңнан аса адам, 700 техникадан қатысып отырғандықтан күннің ыстығына да қарамай біздің сарбаздар, офицерлер бірігіп дайындықты бастап кетті. Маңыздысы мынау бірлестік Біздің Қазақстанда киелі Маңғыстау жерінде өтіп отыр.
Жанарбек ОРАЗАЛИЕВ, ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӨКІЛІ:
Қырғызстан Республикасының қарулы күштері жоспарға сәйкес жедел тактикалық "Бірлестік- 2024" оқу-жаттығуы командалық штабы бірінші кезеңді аяқтады. Бірінші кезеңде Құрам берілген тапсырмаларды орындады. Бұл - жоғарғы деңгейдегі жауынгерлік әзірлік.