$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Биыл ҰБТ кезінде 623 заңбұзушылық болды

Биыл ҰБТ кезінде 623 заңбұзушылық болды

Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Биыл сынақты 181 мың талапкер тапсырып, оның 139 мыңға жуығы шекті балл жинады. Тестілеу кезінде 600-ден астам заңбұзушылық болып, 200-ге жуық талапкердің нәтижесі жойылды. Енді ертеңнен бастап грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны -19 344.

Гүлзат КӨБЕНОВА ҚР ҒЖБМ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Гранттардың грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.