$480.61 €534.53 ₽5.28
×

ШҚО «Таза бұлақ – Таза аумақ» ұранымен тазалық шарасы ұйымдастырылды

AstanaTV
12.07.2024ж. 20:00
331
ШҚО «Таза бұлақ – Таза аумақ» ұранымен тазалық шарасы ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында «Таза бұлақ – Таза аумақ» ұранымен «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Шара барысында Глубокое кентіндегі Киргородок шағын ауданында орналасқан жағажай аумағы абаттандырылды. Өзендер мен жол жиектері қоқыстан тазарды. Бұл қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың туған өлкесінің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелейтін маңызды іс-шара дейді ұйымдастырушылар. Жыл басынан бері өңірлерде 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан ретке келтірілді. 6,8 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 348 шақырым арық тазартылды. Елдімекендерден 29 мың тонна қоқыс шығарылды.

Ерболат ЗАҚАНҰЛЫ, ГЛУБОКОЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жерде тазарту жұмыстары жүріп жатыр.Халыққа өте қажетті нәрсе.Өйткені көп жылдар бойы бос жатты.Сондықтан өте тиімді деп ойлаймын.Осы жерде халықтың демалғаны.Бұл жағажай 20 жыл бұрын мыс заводы істеп тұрған кезде солардың ықпалымен көмегімен осы жер тазартылып осы жер жұмыс істейтін.