$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Таразда мүгедектігі бар 175 азамат құқығы бұзылды

AstanaTV
12.07.2024ж. 16:13
327
Таразда мүгедектігі бар 175 азамат құқығы бұзылды

Тараз қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының тұрақты бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы органдар мүгедектігі бар 240 адамға санаторий-курорттық емдеу және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілмеген.

«Сондай-ақ, биыл жұмыссыздық бойынша есепте мүгедектігі бар 86 адам тұрғандығына қарамастан, тек 15 жұмыс орнына квота белгіленгені анықталды. Салық органдары мүмкіндігі шектеулі салық төлемдерінен босатылған 175 азаматтан жалпы сомасы 889 мың теңге құрайтын мүліктік салықты негізсіз ұстаған», - деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді.

«Арнайы құралдарды жеткізетін мердігерлерді анықтау бойынша конкурс ұйымдастырылып, сондай-ақ заңсыз ұсталған төлемдер қайтарылуда. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады прокуратура.