«Нұр
Отан» партиясының көшпелі республикалық қоғамдық қабылдауы бүгін Оңтүстік
Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы партия филиалында азаматтарды қабылдады.
Тұрғындар денсаулық сақтау, әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, жұмысқа
орналасуда қиындықтар барына тоқталды. Бірқатары ауыз су мен тарифтердің
қымбаттығына шағым айтты. Көптеген мәселе сол жерде-ақ шешімін тапты. Ал
күрделі мәселелерді, партия өкілдері, бақылауға аламыз, деді.
Сондай-ақ,
кәсіпкерлікті жандандыру және дамыту мәселелері де қаралды. Негізінен егін
шаруашылығы дамыған өңірдің іскер азаматтары мемлекет тарапынан кепілдендірілген
несие алу, екінші деңгейлі банктерден қаражат рәсімдеудегі қолбайлаудың
көптігін көтерді. Елбасының кезекті жолдауын мақтаралдықтарға жіті түсіндірген
партия өкілдері маңызды құжатта шағын орта бизнесті дамытуға осы жолы да
басымдық берілгенін атап айтты.
Жұмажан
Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің
меңгерушісі:
Біздің
мақсатымыз - бүгінгі таңда кәсіпкерлерге қандай көмек керек, несие жолында, басқа
да - соны түсіндіру. Жолдау оларға не бере алады, дегендей. Жаңа да сұрақтар туып
жатыр, біз қашан аламыз ондай несиелерді дегендей. Әрине, Елбасы тапсырғаннан
кейін бұл қадағалау болады. Қазіргі уақытта құжаттарды дайындап, соның бәрін
қолжетімділік жасау.