Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы кәсіби бокс матчтарын ұйымдастырушы Top Rank Boxing америкалық промоутерлік компания хабарлады.
"Жәнібек Әлімханұлы бейсенбі күні кешке әбден әлсіреген күйде (салмақ қуу салдары) ауруханаға түсті. Осыдан кейін алдағы сенбіде Лас-Вегастағы Palms Casino Resort шаршы алаңында Андрей Михайловичке қарсы өтуі тиіс жекпе-жегі болмайтын болды. Ол бұл кездесуден бас тартуға мәжбүр болды", делінген хабарламада.
Әлімханұлы — Михайлович жекпе-жегі жексенбі, 14 шілдеде өтуі керек еді. 31 жастағы қазақстандық Лас-Вегаста орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін (15-0, 10 KO) қорғауы тиіс болатын.