$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген 21 жүргізуші жазаланды

AstanaTV
13.07.2024ж. 15:10
340
Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген 21 жүргізуші жазаланды

Павлодар облысында "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы барысында түрлі бұзушылықтар үшін 48 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, соның ішінде мас күйінде көлікті жүргізгені үшін 21 жүргізуші жазаланды.

"Мысалы, Баянауыл ауданының Қалқаман-Керней автожолында ВАЗ автомашинасының жүргізушісі ұсталды, куәландыруға сәйкес ол ауыр дәрежедегі мас күйінде және психотроптық заттардың әсерімен болған. Осы жолда мас күйінде мотоцикл жүргізген жүргізуші тоқтатылды. Осы бұзушылықтар үшін жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды", - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.

Ертіс ауданында да осындай бұзушылықтардың алдын алынды, "Солоник" маркалы мотоцикл жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізген. Сол секілді Ақсу қаласында ВАЗ-2106 автомашинасының жүргізушісі есірткіге мас күйінде рөлге отырды. Павлодарда Ткачев көшесінде Тойота Камри авто жүргізушісі де мас күйінде болды.

"Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, енді олардың тәртібі сотта қаралады. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Полиция аймақ тұрғындарының назарын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіздікті ескеруге, сондай-ақ заңды талаптарды сақтауға аударады", делінген хабарламада.