$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Мобильді байланыс компаниясының қызметкері 32 метр биіктіктен құлап кетті

AstanaTV
13.07.2024ж. 16:01
222
Мобильді байланыс компаниясының қызметкері 32 метр биіктіктен құлап кетті

Ақмола облысында мобильді байланыс компаниясының қызметкері биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап кеткен. Аяғын сындырып алған қызметкер ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алды. Зардап шеккен адамды Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары автокранның көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – деді ведомстводан.