$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Павлодар облысында понтон көпірі суға батып кетті

AstanaTV
13.07.2024ж. 18:20
209
Павлодар облысында понтон көпірі суға батып кетті

Павлодар облысы, Қанаш Қамзин ауылдық округі, Көктас ауылында Белая өзені арқылы өтетін понтон көпірі суға батып кетті. Оқиға орнына Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов болып, аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім жұмыс сапары кезінде түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Белая өзені арқылы өтетін понтон көпірін тексердім. Қазіргі кезде понтон көпірі батып кетті. Бірінші кезекте шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын тарту арқылы оны шығарып алу және жөндеу жоспарлануда".

Сондай-ақ, оның айтуынша, баламалы жолдар да қарастырылады, бұл техника мен адамдардың қарама-қарсы жағалауға паромдық өткелдерін ұйымдастыру.

"Сонымен қатар, жаңа понтон көпірін салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді".
Ақсу қаласының әкімі