Қарақия ауданында Каспий теңізінде үрмелі шеңбермен жүрген әйел адам мен бір баланы жел ұшырып, алысқа алып кетті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Каспий теңізі жағалауын патрульдеу кезінде төтеншелік құтқарушылар 2003 жылғы әйел мен 2015 жылғы баланы құтқарып, жағаға жеткізді.
Белгілі болғандай, оларды ағын үрлемелі шеңбермен жағадан алысқа алып кеткен. Әйел мен балаға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды!