$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Балқашта жоғалып кеткен төрт жасар бала жаяу-жалпы алты шақырым жол жүрген

AstanaTV
13.07.2024ж. 20:19
298
Балқашта жоғалып кеткен төрт жасар бала жаяу-жалпы алты шақырым жол жүрген

2024 жылы 13 шілдеде Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған төрт жасар бала демалыс аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен. Ол жаяу-жалпы алты шақырым жолды артқа тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі аталған оқиға жайлы баяндады.

"Бүгін Сарқан ауданында Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала демалыс аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті. Іздестіру операциясы барысында бала демалыс орнынан 6 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында табылды. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады",- деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.