Оралда кәмелетке толмаған үш бала жоғалып, қалалық полиция қызметкерлері жаппай іздей бастады. Іздеу нітижесінде олар өзге өңірдегі әкелеріне кетіп қалған. Балалар Ақтөбе облысының аумағынан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше жоғалған балалардың кенжесі небәрі үш жаста болған.
"Қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш бала жоғалып кеткені туралы ақпарат келді. Олардың кенжесі небәрі төрт жаста. БҚО полиция департаменті және шекара маңы облыстарының барлық қызметтері мен бөлімшелері дереу іздестіруге қосылды. Жоғалған балалар Ақтөбе облысының аумағындағы автобустардың бірінен табылды. Балалар басқа аймақта болған әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Олар аналарына қайтарылды", - делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер ата-аналарына балалары мен олардың өмірі үшін өздері жауапты екенін еске салады. Мұндай фактілерге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.