$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Астанадағы Қараөткел көпірі бір айға жабылады

AstanaTV
14.07.2024ж. 07:19
193
Астанадағы Қараөткел көпірі бір айға жабылады

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қараөткел көпірінің Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асады,- деп хабарлайды Қазақпарат.