Алматыда ұрылар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Олар қаладағы ірі тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерлерді тонамақ болған.
"Алматыда ұрылар пәтерлерді аралап, есік тұтқаларын тартып, тұрғын үй кешендерінде із қалдырып жүр", - делінген видеоның сипаттамасында.
Кадрларда ұрылар бейнебақылау камераларынан мүлдем қорықпайды. Олар қолымен және баскиімімен бетін жауып жүр.