Қырғызстанның Ош облысында және Ош қаласында сел жүрді. Салдарынан көшелерді су басып, көліктер ағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жергілікті ТЖМ мәліметінше, сел басқан аймақтарға 46 құтқарушы жұмылдырылып, 420 адам құтқарылған.
Жаңбыр салдарынан Ак-Буура өзені тасып, қала көшелерін су басқан.
Тұрғындар жариялаған видеоларда қаладағы орталық базарда азық-түліктер мен тауарлар, бірнеше көлік суға ағып кеткенін көруге болады.