$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Екі күн ішінде 20 мыңға жуық талапкер грант конкурсына өтініш берді

AstanaTV
15.07.2024ж. 10:58
335
Екі күн ішінде 20 мыңға жуық талапкер грант конкурсына өтініш берді

Кеше Қазақстанда жоғарғы оқу орындарына қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Сенбі-жексенбі демалыс екеніне қарамастан комиссиялар грант конкурсына өтінім қабылдап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кешелі бері грантқа түскен өтінім саны 19 774 болды. Бұл — бүгін кешкі 19.00 кезіндегі ақпарат. Бұл сан әлі өсе беретіні анық.

Мұның ішінде 17 909 өтінім ұлттық тестілеу орталығы арқылы берілген.

1865 өтінім — электронды үкімет арқылы.

Талапкерлер мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін қабылдау комиссиялары демалыс күні де толық жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер кез келген ЖОО базасында құжат тапсыра алады.