$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қарағанды облысында "Жастар таза Қазақстан үшін! " экологиялық акциясы басталды

15.07.2024ж. 20:00
282
Қарағанды облысында "Жастар таза Қазақстан үшін! " экологиялық акциясы басталды

Қарағанды облысында "Жастар таза Қазақстан үшін! " экологиялық акциясы басталды. Оған бірінші болып Теміртау экобелсенділері үлес қосты. 100-ден астам ерікті, "Жасыл ел" еңбек жасағының жауынгерлері, КВН командаларының қатысушылары, спортшылар, сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері "Металлург" қалалық стадионының аумағын тазалады. Олар басқаларға үлгі бола отырып, экология мәселелеріне назар аударып, Теміртаудағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуды көздеп отыр. Теміртау бойынша акцияға 20 мың тұрғын, 300 ұжым қатысып, саябақтар мен гүлзарлар тазаланып, 15 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Сондай-ақ, 5 мыңнан астам түрлі ағаш егілді, тарихи және мәдениет ескерткіштерінің аумақтары жиналды.

Руслан ҚОЖЕКЕНОВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүкіл жастар осы акцияға қатысып жатыр.Үлкен алғысымызды айтамыз.Осындай акцияларды біз жалғастыра береміз жылдың соңына дейін.Осы жерде жұмыс көп.Бір күнде атқарады деп ойлаймыз.

Максим САМЦОВ, "ТАУ" СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЕРКІН КҮРЕС БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫ-ОҚЫТУШЫСЫ:

Біздің басты мақсат- жастарды Таза Қазақстан сияқты үлкен экологиялық акцияларға тарту. Аталған аумақта әсірісе түнде қала тұрғындары көп шоғырланады. Сондықтан тазалау жұмыстарын осы аумақта өткізуді жөн деп санадық. Тазалықты бірге қолдайық!