$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Астанада биологиядан 35-ші халықаралық олимпиада IBO-2024 аяқталды

15.07.2024ж. 20:00
145
Астанада биологиядан 35-ші халықаралық олимпиада IBO-2024 аяқталды

Әлемдегі ең жас ғалымдар мен биологтар Қазақстанға келді. «IBO-2024» деп аталатын олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысты. Жеті күн бойы олар биохимия, молекулалық биология, биоинформатика және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы бойынша бақ сынады. Биологиядан Халықаралық олимпиада әлемдегі ең үздік 7 пәндік олимпиаданың бірі. Қазақстандық оқушылар 28 жыл бойы қатысып, әртүрлі номинациядағы 70-тен астам марапатқа ие болды. Айта кетейік, тапсырмалардың барлығын қазақстандық жас биологтар дайындаған.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Бұл олимпияданың үлкен ерекшелігі және бір қуантарлық құптарлық жай осы әлемдік олимпияданың сұрақтарын дайындауда қазақстанның осы олимпиядаға жылдар бойы қатысқан біздің жас ғалымдардың әзірлеуі және ол сұрақтардың тапсырмалардың мына әлемдік журидың комиссиялардың жоғары баға алуы да бүгінгі мына біздің өтіп жатқан іс –шараның ерекшелігін танытады.