$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"Елордадағы 5 мыңнан астам трансформатордың 3300-і қараусыз жатыр",-сенатор

15.07.2024ж. 20:00
150
"Елордадағы 5 мыңнан астам трансформатордың 3300-і қараусыз жатыр",-сенатор

Елордадағы 5 мыңнан астам трансформатордың 1700-і ғана Астана аймақтық электржелілік компаниясының бақылауына өткен. Қалғаны қараусыз жатыр. Бұл туралы сенатор Бибігүл Жексенбай еңбек ұжымымен кездесу барысында айтты. Депутат бұл мәселені заң жүзінде реттеу қажет екенін жеткізді. Себебі оның салдары түрлі проблемаға әкелуі мүмкін дейді.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл әрине тұрғындардың ең бірінші кезекте тұрғындардың толыққанды электр қуатымен қамтамасыз етілуіне кері әсер береді. Өйткені қараусыз жатқан трансформаторлардың қарайтын жауапты компанияның жоқтығы, екіншіден электр қуатының ұрлық мәселесіне де жол ашатын мүмкіндік болып отыр. Сондықтан бұл мәселені ретту заң жүзінде қажет деп ойлаймыз.