$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан мен Жетісу облысында білім саласының қаржысын жымқырған қылмыстық топ анықталды

Түркістан мен Жетісу облысында білім саласының қаржысын жымқырған қылмыстық топ анықталды

Түркістан облысында білім саласының қаржысын жымқырған қылмыстық топ анықталды. Антикор мәліметінше, Шардара аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 12 қатысушыдан тұратын тұрақты қылмыстық топ білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы 2020-2023 жылдар кезеңінде жүйелі негізде бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бар. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Осындай заңсыз әрекет Жетісу облысында да тіркелді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдасқан қылмыстық топ құру және бюджет қаражатын жымқыру мақсатында оған қатысу фактісі бойынша Талдықорған қаласы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді аяқтады.