Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

AstanaTV
27.02.2017ж. 20:00
2737
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин екі жақты ынтымақтастық пен халықаралық мәселелерді талқылады. Маңызды басқосу Алматыда өтті,- деп хабарлайды Ақорда. Тараптар Еуразиялық интеграция мен экономикалық мүмкіндіктерге де тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының ерекшелігін айрықша атап, екі ел арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары екенін айтты. Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан Ресейдің басты экономикалық серіктесінің бірі екенін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанада Сирия бойынша келіссөздер өткізуге ат салысқаны үшін алғыс білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Биыл арамызда дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Тығыз ынтымақтастық арқасында біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Бұл оның барлық қатысушылары үшін маңызды әрі перспективалы құрылым деп санаймын. Бүгінде Ресейдің 7 мыңнан астам кәсіпорны Қазақстанда өкілдіктерін ашып, жаңадан қайта өңдеу өнеркәсібін құруға ықпал етуде. Сіздің былтыр күзде Қазақстанға жасаған сапарыңыз бен Еуразиялық экономикалық одақ аясында Санкт-Петербургтегі кездесуіміз құны 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 41 келісімшартқа қол қоюға мүмкіндік берді.

Владимир Путин, РФ президенті:

Сирия бойынша Қазақстан тарапы жай ұйымдастырушы ретінде ғана қатысып қоймай, жалпы жағымды рөл атқарғанын білемін. Сіз кездесу ұйымдастыруға тікелей атсалысып, қатысушылармен және делегаттармен жұмыс жүргіздіңіз. Сіздің арқаңызда ешқашан болмаған нәтижеге қол жеткіздік. Әсіресе, атыстың тоқтатылуына бақылау жасау тетігі табылды - бұл ең басты мәселе. Енді бұл Женевада жалғасатын келіссөздерге негіз болады.