$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"Айтуға қорқамын": Дариға Бадықова жазбасымен елді ойландырып қойды

AstanaTV
15.07.2024ж. 15:50
258
"Айтуға қорқамын": Дариға Бадықова жазбасымен елді ойландырып қойды

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова бүгінде "Таптым-ау сені" фильмінің екінші бөлімін түсіруге білек сыбана кірісіп кетті. Өнер иесі көпшілікке түсірілім барысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, өзі жайлы ел білмейтін жайтты айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кинопродюсер түсірілім алаңынан фото мен видеолар жариялап, көпшілікті қуантты.

Сонымен қатар өнер иесі желіде өзі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды. Актриса жұмысы қаншалықты қиын болса да, "шаршадым" деп айтпауға тырысады екен.

"Шаршау дегенді айтпашы. Күпірлік болар, Дариға. Жалпы шаршадым деген сөзді көп айтпаймын. Айтуға қорқамын" , - деп жазды кино жұлдызы.