Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың орындалмаған арманы туралы айтты. Оның сөзінше, бес қызы бар өнер иесі ұрпағының жалғасын көргісі келеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың үлкен арманы туралы Instagram-дағы парақшасында сыр шертті.
"Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой. Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы - ұл болыпты. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді екен. Жас жеңгеміз де эконың бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті - бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса бәрі де болар", - деп жазды Роза Әлқожа.