Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Дональд Трамп тілшілерге бойкот жариялады

AstanaTV
27.02.2017ж. 20:00
2181
Дональд Трамп тілшілерге бойкот жариялады

Дональд Трамп пен америкалық БАҚ өкілдері арасындағы тартыс жалғасуда. Журналистерге көңілі толмайтынын ашық айтқан АҚШ президенті жыл сайын Ақ үйде өтетін тілшілер қауымдастығының салтанатты кешіне бармайтынын мәлімдеді.

1920 жылдан бастау алатын шарада танымал журналистермен қатар атақты өнер майталмандары төбе көрсететін. Осы уақытқа дейін ешбір АҚШ-тың ешбір басшысы дәстүрге айналған кештен бас тартқан емес. Трамптың өзі жақында CNN, The New York Times, Politico, Los Angeles Times басылымдары мен NBC News, ABC телеарналарын - «американың халық жаулары» деп мәлімдеме жасаған.

Еске салайық, тілшілер қауымы мен Трамп арасындағы қайшылық сайлау алды науқанда басталған болатын.