$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Антикор іздеуде жүрген бұрынғы қызметкерін табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін хабарлады

AstanaTV
16.07.2024ж. 08:00
139
Антикор іздеуде жүрген бұрынғы қызметкерін табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін хабарлады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Антикордың бұрынғы қызметкері Дәуренбек Қожабаевқа халықаралық іздеу жарияланғанын, оны табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 1978 жылғы Дәуренбек Қожабаев іздестіріліп жатыр. Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке келесі телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет", - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Антикор өкілдері іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік кепілдік берілгенін мәлімдеді.