$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы тауларында байкерлерге мылтық кезеп, қамшымен сабағандар ұсталды

AstanaTV
16.07.2024ж. 11:37
229
Алматы тауларында байкерлерге мылтық кезеп, қамшымен сабағандар ұсталды

 Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге шабуыл жасаған үш күдікті ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған, - деп жазды KAZINFORM.

«Қылмыстық іс адамдар тобымен жасалған бұзақылық фактісі бойынша тергелуде. Мылтық тәркіленіп, сараптамалық тексеруге жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға мотоцикл моторының жайлы жүрген малды үркіту себеп болған», - деп хабарлайды облыстық ПД.