$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қызылордалық азамат туған ауылын көркейтуге үлес қосуда

Қызылордалық азамат туған ауылын көркейтуге үлес қосуда

Қызылордалық азамат туған ауылын көркейтуге үлес қосуда. Бесарық елдімекеніндегі бастамаларды жұрт жарыса айтады. Меценат шаруашылық жұмысын жандандырып, тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Одан өзге ескірген аллея, ауылдағы орталық алаңды жөндеп жатыр. Оған өз қалтасынан 37 млн.теңге бөлген. Жақында фри зауытын іске қоспақ. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге, тіпті баспаналы болуына да сеп болып жүр. Бесарықтың берекесін келтіріп, мерейін арттырған азаматқа ел дән риза.

Әкпар АҚЖІГІТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Елдің әлеуметтік даму жағдайына, экономикалық даму жағдайына қаржылай көмектесіп тұрады. Елдің ішкі әлеуметтік мәселелеріне араласып, халықпен тығыз байланыста. Шаруашылық жылдан жылға дамып келеді. Бұрыңғы іргелі шаруашылықтардың ізінде келе жатқан ел, оның үстіне көгеріп көктеп, даму үстінде. Жылдан жылға өсім бар, малдан да, жаннан да.