$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде интернеттегі алаяқтық дерегі 4%-ке көбейген

16.07.2024ж. 20:00
226
Елімізде интернеттегі алаяқтық дерегі 4%-ке көбейген

Елімізде жыл басынан бері 10 мыңға жуық интернет алаяқтық дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4%-ке көп. Яғни, жарты жылдық ішінде интернеттегі алаяқтық 9 936-ға, онлайн сауда да 2619 жеткен. Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, көбіне халық онлайн сауда жасау кезінде сан соғып қалатын көрінеді. Айта кетейік, қазір интернет алаяқтық дерегі бойынша Астана мен Алматы қалалары көш бастап тұр.