$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада Бұқар жырау көшесін жөндеу жұмыстары 9 жылдан бері бітер емес

AstanaTV
16.07.2024ж. 20:00
214
Астанада Бұқар жырау көшесін жөндеу жұмыстары 9 жылдан бері бітер емес

Астанада Бұқар жырау көшесін жөндеу жұмыстары бітер емес. Құрылыс басталған 2016 жылдан бері 3 мердігер ауысқан. Тұрғындардың айтуынша, жұмысшылар жерді қазып тастаған да, қайта оралмаған. Аяқсыз қалған құрылыстың кесірінен енді жүріп-тұру қиын дейді. Биылдың өзінде бірнеше рет жол апаты болған.

Жанаргүл ҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жолдың қай бөліктері жабық екенің білетін жүргізушілер ойықты жауып тұратын бөгеттерді айналып өтетін, ал білмейтіндер бөгетті басып өтетін. Соның салдарынан көлік апаты жиі болады. Біздің көшеде мопедпен жүрген жастар осы бөгетке соғылып айналып құлаған, оларды жедел жәрдем алып кетті. Осы жағдайдан кейін әкімшілік жолды жауып тастады. Ал жұмысшылар жолды одан сайын қазып, осы күйі тастап кетті.

Жолдың жыры биыл да бітпейтін көрінеді. Жауаптылардың айтуынша, жол жөндеу жұмыстары келер жылдың қазан айына дейін созылмақ

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ:

Аталған учаскеде жол-құрылыс жұмыстары толық көлемде аяқталған жоқ. "№37 көшеден Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде Бұқар Жырау көшесінің құрылысы " жобасы бойынша жұмыстар ағымдағы жылы жалғасатын болады. Тиісінше, абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін учаске тиісті жағдайға келтіріледі. Бұқар Жырау көшесі бойынша Қайсенов көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі жол учаскесі ағымдағы жылы аяқталады.