$480.61 €534.53 ₽5.28
×

50 көпқабатты үй ыстық сусыз отыр

16.07.2024ж. 20:00
155
50 көпқабатты үй ыстық сусыз отыр

Петропавлда 50 көпқабатты үй ыстық сусыз отыр. Көпшіліктің айтуынша проблема жаз бойы жалғасып келеді. Мәселен Жас өркен шағын ауданының тұрғындары сәуір айынан бері ыстық судан таршылық көруде. Айтуларынша, су магистралінде ақау 2 апта бұрын пайда болған. Бірақ құзырлы органдар бұған бейжай қарап отыр.

МАРЛЕН РАМАЗАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Авария болып, ыстық су өшірілді. Енді соны 2 жұма бойы ештеңе істемей, біз ыстық сусыз болдық.

Жұрт электрэнергиясына да жарымай отырғандарын айтады. 5 зәулім баспана 4 жылдан бері жарықты уақытша ортанылған трансформатор арқылы алып отыр. Қондырғының қуаты жетпей, тоқ жиі сөніп қалды, дейді.

АҚМАРАЛ ТӘНІБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тамақ іше алмаймыз, жарық болмаса, лифт тоқтайды. Жоғарғы эатжға көтерілу өте қиын. Үлкен кісілерге де, жастарға да болсын. Менің өзімде мысалы балам бар, бірінші группадағы инвалид. Өте қиын бізге.

Ыстық су жаз бойы бірнеше рет ұзақ уақытқа өшірілген. Қалалық әкімдік өкілдері жұмыстың сағызша созылуын жолдарды жөндеу мен құбырларды ауыстыру сынды себептермен байланыстырып отыр.

АЙДЫН МӘКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгін 27 үй қосылады деді, ыстық суға. Қалғандарында жұмыс жүріп жатыр. Жымбыла, Алтынсаринада ремонт жүріп жатқан сесебі бойынша, осы қалғандары 23 үйлер бар. Оларды да тезірек ыстық суға қосамыз.

Облыс орталығында 2 мыңға жуық көпқабатты үй бар. Жаздың басында коммуналдық компания құбырларды тексеру қажеттігін алға тартып, тұтас қала бір айға ыстық судан ажыратылған еді. Алайда жағдай әлі күнге оңалмай тұр.