$482.78 €536.66 ₽5.28
×

СҚО-да 591 ата-ана жауапқа тартылды

AstanaTV
16.07.2024ж. 21:53
292
СҚО-да 591 ата-ана жауапқа тартылды

Биыл СҚО-да балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 591 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп сақшыларымен бірге рейдке облыстық мәслихат депутаттары, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл және қалалық әкімдіктің білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының өкілі қатысты.

«Ведомствоаралық рейдтік топ Жұмысшы кентіндегі бірқатар мекенжайларды тексерді. Тексерілген жеке үйлердің әрқайсысында кішкентай балаларды тәрбиелеп отырған 40 жастан аспаған ата-аналар тұрады. Бұл үйлердің тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, балалардың қатысуымен және оларға қатысты жасалуы мүмкін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы алдын алу сипатындағы әңгімелер жүргізілді», - деп хабарлады полиция.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы 15 шілдеден бастап өңірде «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатқанын ескертті. Операцияның алғашқы тәулігінде облыс бойынша түрлі 48 құқық бұзушылық анықталды, оның 38-і – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жүруі.