$482.78 €536.66 ₽5.28
×

Ақтөбеде оқушы қыздар арасындағы жанжалдан соң әкімшілік іс қозғалды

AstanaTV
16.07.2024ж. 23:02
297
Ақтөбеде оқушы қыздар арасындағы жанжалдан соң әкімшілік іс қозғалды

Ақтөбе қаласында оқушы қыздың замандасына әлімжеттік жасап тұрған сәті видеоға түсіп қалып, кейін ол әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Полиция оқушылардың жеке басын анықтап, әкімшілік іс қозғалды, - деп жазды KAZINFORM.

Оқиға 10-шілде күні Ақтөбе қаласының орталығында болған. Бейнематериалдан бір қыздың екінші бір қызды ішінен, жамбасынан тепкілеп, балағаттап жатқанын көруге болады.  

Полиция оқиғаға қатысы бар қыздардың кім екенін анықтады.

– Жанжалға қатысқандар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелет жасқа толмаған қыздың ата-анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 345-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қыз да, оның анасы да кінәсін толық мойындады. Іс сотқа жіберіледі. Сонымен бірге қыздар оқитын мектеп директоры мен оның орынбасары шақыртылып, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Әкімшілік құқықбұзушылық қайталанбас үшін екі арадағы жанжал себебі жойылуы тиіс, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.