Құтқарушылар Ертіс өзенінде суға батып бара жатқан 5 және 8 жасар екі баланы көріп, дер кезінде құтқарып қалды.
Балалар ата-анасына табысталды, олар медициналық көмекке мұқтаж емес.
Балалардың өмірін аман алып қалған қаһармандардың есімі — Думан Әбділданов пен Қуаныш Молдашов.
ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріп тұру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
«Бейтаныс және жабдықталмаған жерде шомылмаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз» дейді ведомстводан.