$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Астанада сауда орталығынан өрт шықты

AstanaTV
17.07.2024ж. 09:13
234
Астанада сауда орталығынан өрт шықты

Астанада "Ажар" сауда орталығынан өрт шықты.

Астана қаласының ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты "Ажар" сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды,- деп хабарлайды Massaget.kz.

Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасауда.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болған жоқ.

Өрт алдын ала 80 шаршы метр алаңда оқшауланды.

Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.