$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордалықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды үлес қосуда

Қызылордалықтар  «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы қарқынды үлес қосуда

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүргізілуде. Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің тұрғындары да бастамадан тыс қалған жоқ. "Менің туған өлкем" Акциясын ұйымдастырып, айналаны қоқыстан тазалап қана қоймай, әктеу-сырлау жұмыстарын істеді. Оның қатарында «Жасыл Ел» еңбек жасағы мен еріктілер тобы да бар.

Сейітжан НҰРЖАН, "СЫРДАРИЯ ЖАСТАРЫ" ЕРІКТІЛЕР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

40 жас волонтерлер мен «Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша жастар Орталық алаңда шөп жұлумен, тазартумен тазалық акциясына үлес қосуда. Әр сайын, әр апта сайын сенбіліктерге үлес қосып отырады жастар.

Жалпыұлттық бастама аясында кент көшелері, аяқ су жүретін арықтар қоқыс пен шөптен тазаланды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы мен аллея, саябақтарды көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Жастар жалғызбасты қарияларға да қолқабыс қылды. Шараға 800-ден аса адам қатысып, 11 тонна қоқыс шығарылған.

Ержан БАҚТИЯРОВ, ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

Шараның мақсаты тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру болып табылатындықтан осы шараға мемлекеттік мекемелермен қоса ҮЕҰ, «Жасыл ел» жасақшылары, тұрғындар кеңінен тартылуда. Бұл акция өте жақсы әсер беріп жатыр. Себебі тұрғындар қазіргі уақытта өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, іргелес аумақтарын абаттандыру, көгалдандыруға атсалысып жатыр.

Аймақта ауқымды науқан басталғалы жүйелі жұмыстар істелуде. Осы уақытқа дейін 200 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосқан. Нәтижесінде 8 мың тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылған. 130 мың түптен аса көшет егілген.