$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Онкологиялық науқастар тегін дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін

17.07.2024ж. 20:00
339
Онкологиялық науқастар тегін дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін

Онкологиялық науқастар тегін дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры хабарлады. Қазір тамыз айының соңына дейін ғана жететін препараттар қалған. Негізі қор онкогематологиялық ауруы бар азаматтарды 15 заманауи нысаналы дәрімен қамти алады. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі 15 препараттың 6-ын ғана қабылдаған.

"ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ:

"Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры аталған ведомствоға бірнеше рет жүгінген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 176 бұйрығын іске асыруды бастау тетіктері мен мерзімдері туралы сұрақтары жауапсыз қалған.