Жамбылда балық шаруашылығымен айналысатын 23 шаруа субсидия ала алмай жүр. Мұны табиғатты қорғау прокуратурасы әшкереледі. Биыл жыл басында балық шаруашылығына 200 млн теңге қаралған. Соның 105 млн-нын кәсіпкерлер әупірімдеп жүріп әрең алыпты. Ал 95 млн теңге әлі тұралап тұр. Салдарынан шаруамыз кешеуілдеп жатыр дейді олар. Салалық басқарма төлеу көлемін белгілейтін қаулы дайындау кезінде олқылыққа жол берген көрінеді. Сондықтан қазір кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. Соңғы 3 жылда өңірде бұл кәсіпке сұраныс артқан. Алайда кәсіпкерлер құжатты уақыты тапсырғанымен субсидия төлеу жыл сайын кешігетінін айтады. Былтыр 5-6 айдан соң бір-ақ берілген.
Нұрғиса ҚУАНЫШБАЕВ, КӘСІПКЕР:
Былтыр бізде октябрь, сентябрьде берілді, субсидиямыз. Біз керек кезде май, апрель кезде болғаны дұрыс. Ертерек берілсе, мынау бізде сазан 3-4 айда бізге товарный балыққа жету үшін. Ақша уақытылы түспейді. Бірақ документімізді уақытылы қабылдайды.
Еркін ӘЛМАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
Кәсіпкерлердің саны көбеюіне байланысты, біріншіден. Былтырға қарағанда биыл 2 есе көбейіп жатыр мысалы. Мынау жеп-шөптің көлемі көбеюі де байланысты. Себебі балықтарды 2 есе артық өсіріп жатыр. Осы жылға 200 млн теңге бөлінді тағы да ұсыныс беріп жатырмыз облыс әкімдігіне қосымша 260 млн теңге осы сала бойынша субсидия бөлу жөнінде.