$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте заңсыз лотерея ұйымдастырған қала тұрғыны 1 жылға бас бостандығынан айырылды

17.07.2024ж. 20:00
343
Шымкентте заңсыз лотерея ұйымдастырған қала тұрғыны 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкентте «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырғандар анықталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Қала тұрғыны заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойынын ойнатқан. Ол билеттен түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған. Лотерея ұтысы ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmiсмартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылған. 

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асты. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді.