$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы – Екатеринбург тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

17.07.2024ж. 20:00
217
Алматы – Екатеринбург тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы – Екатеринбург тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Ақксу-Аюлы елдімекенінен бес шақырым жерде Chery Tiggo мен Красноярск – Шымкент бағытында кетіп бара жатқан Van Hool маркалы автобусы соқтығысқан. Жол апатынан Chery көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде көз жұмды. Жеңіл көліктің тағы үш жолаушысы мен автобус жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Автобуста 51 адам болған.

Жасқайрат КАЙЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Cол автокөліктерді оның алдында партрульдік полицейлер тоқтатып, профилак тикалық әңгімелер жүргізген. Екатеринбург-Алматы бойынша нарядтар күшейтілді. Қазір 23 атвокөлік қызмет жасайды. Бұрын 15 мамырға дейін 12 көлік болған. Олар мыңнан астам көлік профилактикалық әңгіме жүргізеді.