$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қарасора-2024": Жамбылда есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегі анықталды

17.07.2024ж. 20:00
391
"Қарасора-2024": Жамбылда есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегі анықталды

Жамбыл облысында қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тәртіп сақшылар оның үйінің ауласындағы бақшадан 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасын тапқан. Барлығының жалпы салмағы 100 келіден асады. Оның ішінде көкнәр-54 келі, марихуана-53 келі. Полиция қызметкерлері күдіктіні "Қарасора-2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

Құндыз БӨГЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Жалпы"Қарасора-2024" іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтауға бағытталған іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.

Ал күні кеше 24 келіден астам есірткі тасымалдаған Тараз тұрғыны ұсталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының құмды аумағында "KIA" маркалы автокөлігін тоқтатты. Тараз қаласына қарай бет алған 28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы автокөлік ішінде облыс орталығының тағы 24, 26 және 28 жастағы үш тұрғыны болған. Түнделетіп күдік тудырған көлікті тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 24 келі 160 грамм кептірілмеген марихуана табылды. Есірткі заты қымтап 4 қапқа салынған. Аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.