$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда балалардың да саусақ ізі алынуы мүмкін

AstanaTV
17.07.2024ж. 21:31
355
Қазақстанда балалардың да саусақ ізі алынуы мүмкін

 16 шілдеде "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында Ішкі істер министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды. Жобаға сәйкес, 12 жастан бастап балалардың саусақ іздері алынуы мүмкін, деп хабарлайды KAZNUR.KZ

"Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы" тиісті бұйрық жобасы 30 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады. Атап айтқанда, құжатта мына жағдайларда дактилоскопиялық ақпарат жинау ұсынылған:

1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алуға, сондай-ақ оларды қалпына келтіруге немесе ауыстыруға олардың келісімімен алғаш рет өтініш білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары;

2. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алғаш рет алуға, сондай-ақ оларды қалпына келтіруге немесе ауыстыруға өтініш берген кезде; 

3. Он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар. * Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш беру; алғаш рет тіркелген кезде, сондай-ақ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты қалпына келтірілген немесе ауыстырылған жағдайларда; 

* азаматтығы жоқ адамның куәліктері; босқын куәліктері; жол жүру құжаты. Құжатта балалардың саусақ іздерін алу олардың келісімімен және заңды өкілінің қатысуымен жүргізілетіні айтылған. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға келетін болсақ, он алты жасқа толған, Қазақстан Республикасынан шығарылып жатқан немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық реадмиссия шарттарының күшіне енген тұлғалар үшін де саусақ іздерін алу қарастырылады. 

Саусақ таңбасын тіркеуге жататын, әрекетке қабілетсіздігі сотпен белгіленген адамның дактилоскопиялық ізін алу оның қорғаншысының жазбаша өтініші болған кезде және оның негізінде жоспарланады.